Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегі өтетін күн ресми түрде белгілі болды.
Boxingscene.com сайтының хабарлауынша, бұл жекпе-жек 21 мамырға жоспарланған. Айқас өтетін жер әзірге белгісіз.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін былтыр қараша айында өткізген – ол француз Хассан Ндам Нжикаммен (38-6, 21 КО) кездесіп, оны сегізінші раундта нокаутқа жіберген болатын. Дэнни Дигнум болса, осы жылдың ақпан айында, алтыншы раундта британдық Грант Деннисті техникалық нокаутпен (17-4, 3 КО) жеңді.