АЛ. 1 тамыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Жәнібек ауданында тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай шаралар ұйымдастырылуда.
Жәнібек ауылындағы орталық саябақта әр сенбі сайын аудандағы ауылдық округ көркемөнерпаздары концерт қойып, кеш шырайын енгізуде. 30 шілде күні кезек Жақсыбай ауылдық округі өнерпаздарына келіп, олар тәуелсіздік, елдік, туған жер тақырыбындағы әндерді орындады. Би мен күй де ұмыт қалған жоқ. Кеш соңында дәл осы күні тұрмысқа шығу тойы өткен аудандық мәдениет үйінің қызметкері Әсем Сафуанқызына құрмет көрсетілді.
Соңғы жылдары аудан әкімі Рыспай Өтешевтің бастамасымен көптеген істер қолға алынуда. Соның бірі Ресеймен екі арадағы кедендік кедергілердің жойылуына байланысты көршілес аудандар кәсіпкерлері бау-бақша өнімдерін төмен қақпен Жәнібектің халқына әкеліп сатуда. Мұндай барыс-келіс өрістей түспек.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).