Турнирдің алғашқы маусымы жартылай жеңіл, бірінші жартылайорта және жартылай ауыр салмақтарда өтеді. Әрбі санатқа сегіз боксшыдан енген. Жеңімпазспортшылар жетекші промоутерлік компаниялардың бірімен екі жылға келісімшартқаотырады. «Оның барысында бес жекпе-жек өткізіп, оның әрқайсысы үшін алты цифрасыбар гонорар алатын болады. Сондай-ақ әлемдік деңгейде танылуға кепілдікберіледі», - деп жазылған сайтта.
Бұл ретте, Golden Contract қатысушылары қарсыластарын айқастанбір апта бұрын ғана білетін болады. Нокауттар үшін ақшалай бонустар қарастырылған.
Жартылай орта салмақтағы Тұраровпен бірге турнирге IBO-ныңэкс-чемпионы француз Мохамед Мимун (21-3, 2 КО), швед Энтони Йигит (24-1-1,8 КО) және британдықтар - IBF нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы титулының иегері АкимЭннис Браун (13-0, 1 КО), Охара Дэвис (19-2, 14 КО) және WBCInter-Continental-дың екінші дәрежелі титулына ие Тайрон МакКенна (19-1-1,6 КО) қатысады. Толық тізім кейінірек белгілі болады.
АҚШ-та өтетін турнирдің жекпе-жектерін ESPN телеарнасыкөрсетеді.
Еске салайық, Жанқош Тұраров сәуір айында MTK Global-менкелісімшартқа отырған болатын. Соңғы жекпе-жегін биылғы шілде айының 6-сы күніелордадағы «Барыс-Арена» кешенінде өткізді. Бокс кешінің басты айқасында Тұрароваргентиналық Максимилиано Годоймен (31-4-1, 16 КО) кездесті.
10 раундқа есептелген жекпе-жек үшінші раундта уақытынанбұрын аяқталды. Қазақстандық боксшы Годойды нокдаунғажіберді. Бұл - 28 жастағы Жаңқоштың 24-ші жеңісі болды. Ол қарсыластарын 17рет нокаутпен жеңген. Бір де бір рет жығылып көрмеген. Бокс кешін британдық MTKGlobal компаниясы мен америкалық Top Rank ұйымдастырды.