Кейбір өзгерістер Қазақстан боксшыларына да қатысты болды, деп хабарлайды Sports.kz.
Жанат Жақиянов ең жеңіл салмақ рейтингінде бірінші болып тұр. Жартылай салмақ категориясында үздік 15 спортшының қатарына Жанқош Тұраров кірді. Ол 14-ші орында тұр.
Қанат Ислам бірінші орташа салмақта бесінші орыннан жетіншіге түсті. Бірінші ауыр дивизионда Бейбіт Шүменов көш бастады.