Мамандардың айтуынша, аймақта бірнеше рет әлсін-әлсін жер сілкінген. Қауіптіліктің төртінші деңгейі берілген жанартаудан тас атқылауы мүмкін дегенді алға тартады синоптиктер. Сондықтан жергілікті билік жақын маңдағы тұрғындарға көмек көрсете бастады.
Мамандардың алаңдауына тағы бір себеп бар. Сакурадзима жанартауы таяуда ғана іске қосылған «Сендай» атом электр стансасынан небәрі 50 шақырым қашықтықта орналасқан.