«Фудзицу» корпорациясының жаңа есептегіш жүйесі зерттеу орталықтарының бірінде іске қосылды. Суперкомпьютер секундына 180 триллионнан астам операция жасай алады және жылдамдығы жағынан әлемде 19-шы орынға шықты, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Компьютер лизингісі үшін «Фудзицу» корпорациясы алдағы 4 жылда 67 миллион долларға ие болады.