Сондай-ақ оның шетелдікке тиесілі компаниядан заңсыз саяси қайырымдылық қаражаттарын алып тұрғаны анықталды, деп хабарлады Утро. ру.
Өткен айда апта сайынғы басылымның бірінде жарияланған материалда, 74 жастағы Танака үкіметтің ең қарт мүшесі өзінің 30 жыл бұрын якудзаның өкілдерімен кездескендігін мойындады.
Бұл мойындау министрдің абыройына нұқсан келтірді. Ол уақытты ұтпақ болып, ауруханаға жатқанымен тығырықтан шыға алмады. Бір ескерері, бұл орын алған жанжалдың алғашқысы емес. Бұған дейін әскери мәселелер мен терминологияларды нашар білген қорғаныс министрі отставкаға кетуге мәжбүр болған еді.