Жапонияның жағалауларында күшті зілзала болды

АСТАНА. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат - Жапонияның жағалауларында кеше күшті зілзала болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press сайтына сілтеме жасап.

Жапония сейсмологтарының деректері бойынша жерасты дүмпуінің тербелісі 6,6 баллды құраған. Зілзала кіндігі Жапонияның оңтүстік жағалауларынан 10 шақырым тереңдікте орын алды.

Зілзалаға байланысты Жапонияның кейбір аралдарында және жағалаудағы аумақтарында цунами туралы ескерту жарияланды. Толқындардың биіктігі 50 сантиметрден асады деп күтілуде.

Зардап шеккендер мен қирандылар туралы әзірге мәлімет жоқ.