Министрліктің мәліметіне қарағанда, мүліктерді жария ету жөніндегі Қазақстан Республикасы аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 687,4 млрд. теңгені құрайтын жылжымайтын мүлікті жария ету туралы 70 427 өтініш түскен. Соның ішінде жалпы сомасы 518,9 млрд. теңгеге 58 821 тұрғын үй нысандары, 161,6 млрд. теңгеге 30 496 тұрғын үй емес нысан болса, соның ішінде 7 134 млрд. теңгені құрайтын 113,5 коммерциялық нысан бар.
«Бұдан бөлек, мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына Қазақстанның аумағынан тысқары жерлердегі жалпы сомасы 1044,4 млн теңгені құрайтын 38 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша өтініш келіп түсті. Сонымен қатар, 60 млн. теңге сомасында бағалы қағаздарды жария ету туралы өтініш те келіп түсті. Ал осы уақыт ішінде 1 млрд 16,3 млн. теңгеге 33 объект және бағалы қағаздар жария етілді. Сонымен қатар, Ұлттық Банктің деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 4 желтоқсандағы жағдай бойынша жалпы сомасы 83,9 млрд.теңге ақшаны жария етуге 181 жинақ шот ашылған. Соның ішінде ақшаны жария еткені үшін бюджетке 3,1 млрд. теңгесі төлене отырып жинақ шоттан 33,2 млрд.теңге алынған. Ал ҚР экономикасына инвестицияланған қаражат 42,1 млрд. теңгені құрайды. 7 желтоқсандағы мәлімет бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» кодымен бюджетке іс жүзінде 3,2 млрд.теңге түскен», - делінген баспасөз баянында.