Облыс басшысының өзі қатысқан алқалы отырыста әлеуметтік-экономикалық дамудың барысы талқыланып, алдағы міндеттер айқындалды. Ауыл шаруашылығы басқармасының агроөнеркәсіп кешеніндегі өңдеу саласын өркендету бойынша атқарған жұмысы талқыланды, Күн тәртібіндегі мәселелер туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашев және әкім орынбасары Серікжан Бес¬кем¬піров баяндама жасады.
Орынбасарлардың айтуына сенсек, бірінші жартыжылдықта жеткен жетістік жа¬ман емес. Ауылшаруашылық саласында 11 шілдедегі жағдай бойынша 3,7 мың гектар масақты дәнді дақыл орылып, гек¬та¬рынан 20,5 центнерден өнім алынып¬ты. Жарты жылда 5,5 мың тонна мал және құс еті өндіріліпті. «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық», «Ырыс» бағдарламалары бойынша республикада алдыңғы орын¬нан көрініппіз. Дегенмен, аудан, қалалар бойын-ша салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, кемшіліктер кездеседі. Жыл ба¬сын-да ауылшаруашылық бағытындағы пайдаланылмаған 272,7 мың гектар жер анықталған. Оның 90,9 мың гектары айналымға енгізілсе, біразы мемлекет меншігіне қайтарылып, тағы біршама¬сы¬-на қатысты материалдар комиссияның қарауына тапсырылыпты. Жер мәселесіне байланысты облыс басшысы кейбір аудан басшыларына қарата қатты сын айтты.
Райымбек пен Қарасай аудандары «Сыб¬аға» бағдарламасы бойынша бел¬гі-ленген көрсеткішті орындамаған. Амандық Ғаббасұлы оларға кемшілікті жуық арада түзетуді тапсырды. Сонымен қатар облыста «Ырыс» бағдарламасы бойынша 600 бас¬қа арналған 8 тауарлы-сүт фермасын құру жоспарланғанымен, бірде-бірінің жұмысы әлі басталмапты. Ірі қара етін экспорттау барысындағы жоспар да орын¬далмаған. Осы бағытта жұмыс жүргізетін шаруаларға демеуқаржы төлеу мәселесі шешілетіні осы отырыста белгілі болды.
Облыс әкімінің қант қызылшасы туралы сұрағына жауап берген облыстық ауылшаруашылық басқармасының бас¬шысы өңір басшысының тапсырмасы бойынша Ауылшаруашылық министрлігінің өкілдерімен кездесіп, демеуқаржы төлеудегі мәселелерді шешкенін мәлімдеді. Биыл тәтті түбірдің әр гектарынан орташа 350 центнерден өнім алынатынына сендіруге тырысты.
Басқа салаларда да өсім бар. Алты айда өңір өнеркәсібінде 228,8 млрд теңгенің өні¬мі өндіріліпті. «Бизнестің жол қартасы - 2020» бағдарламасы аясында 148 жоба мемлекеттік қолдауға ие болса, инфрақұрылым тарту бойынша 7 жоба жүзеге асы¬рылуда. Үстіміздегі жылы шағын несиелендіруге 9,6 млрд теңге қарастырылған. Оның ішіндегі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша алыс ауылдағы жұ¬мыссыз ағайынның тіршілігін түзеуге бө¬лінген 5,8 млрд теңгенің 529,0 млн теңгесі, яғни 9,1 пайызы ғана игерілген. Ақсу, Ала¬көл, Еңбекшіқазақ аудандары мақсатты қаржыны игілікке жұмсауда ақсап тұр. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқар¬масының өкілдері де мұның себебін тү¬сіндіре алмады. Бақша өнімдері базарға шығып, сауда қызған тұста да азық-түлік тауарлары бағасының арзандамай тұрған¬дығының себебін де ешкім тап басып айта алмады.
Өңірдегі негізгі капиталға тартылатын ин¬вестиция көлемі 208,4 млрд теңгеге жеткенімен, кейбір аудандар бұл бағытты да мандыта алмай отырған көрінеді. Туризм саласында да жауабы жоқ сансыз сауал бар.
Бұған керісінше, құрылыс жұмыстарының көлемі артқан. Осы уақытқа дейін 724,9 мың шаршы метр тұрғын үй қол¬да¬нысқа беріліп, «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы бойынша ғана 22,1 мың шар¬шы метр несиелік және коммуналдық баспана өз иесін тауыпты. Сондай-ақ «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша Ұлттық қордан бөлінген қаржы есебімен 59 жоба жүзеге асырылуда. Десе де, құ¬ры¬лыс жұмысы кешеуілдеп жатқан, тіпті мем-лекеттік бағдарламалар есебінен тағаны құрылып, жұмысы тоқтап тұрған ны-сан¬дар бар.
Облыста биыл 27 елді мекенді орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған 58 жоба жүзеге асырылуда. Мұнда да кемшін қалған тұстар бар. Осыған орай, облыс әкімі жи¬налыста есеп берген Талғар ауданының әкімі Райхан Садықоваға жұмысты ширатуды тапсырды.
Жылыту маусымына дайындыққа және оны өткізуге облыс бюджетінен тиісті қаржы бөлініп, жұмыспен қамту жолға қойылған. Осы қатарда, білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы жетістігіміз мол екен. Десе де, облыс әкімі екі саладағы бірқатар кемшіліктердің де себебін түсіндіріп, облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлова мен облыстық денсаулық сақтау бас¬қар¬масының басшысы Асқан Байдуалиевке жауапкершілікті күшейту керектігін ескертті.
09:16, 19 Шілде 2016
Жарты жылдың жетістігі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысының атқамінерлері биылғы жылдың алғашқы жартысында атқарылған жұмысты қорытындылады, деп жазады aikyn.kz.