Акцияға қатысушылар Қостанай халқын алдағы президенттік сайлауға келуге шақырды. Облыс орталығының бірнеше аудандарында жасотандықтар көшелерде қала тұрғындарына шақыру таратты. Бірнеше сағат ішінде студент жастар 3 мыңнан астам қостанайлық азаматпен әңгімелесіп, алдағы кезектен тыс президенттік сайлау туралы мағлұмат берді.
19:40, 18 Наурыз 2011
Жас қостанайлықтар президенттің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге шақырады
ҚОСТАНАЙ. 18 наурыз. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері «Жастар дауыс береді!» деген акция өткізді.