15:17, 21 Наурыз 2009
Жас мамандар еңбек рыногына шығуға мүмкіндік алулары тиіс - Лейла Ахметова
АСТАНА. Наурыздың 20-ы. ҚазАқпарат /Ризвангүл Садықова/ - Жас мамандар еңбек рыногына шығуға мүмкіндік алулары тиіс, деп санайды «Самұрық-Қазына» сарапшысы Лейла Ахметова. Ол Швейцария Дүниежүзілік Сауда Институтының халықаралық құқық және экономика магистрі. Институттың негізін Швейцарияның үш жетекші Берн, Ношателия және Фрибург университеттері қалаған.
Мен Алматыда, маған дейін үш қыз тәрбиелеп отырған отбасында дүниеге келдім. Менің ата-анам екеуі де химия мамандары, олар Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетінде оқып жүргенде кездесіпті. Сол кездегі барлық бүлдіршіндер секілді мен де 7 жасымда қазақ мектебінің табалдырығын аттадым. Екінші сыныптан соң, әкемнің Бельгияға дипломаттық қызметке ауысуына байланысты маған Брюссельдегі қарапайым мектепке баруға тура келді. Осының арқасында, менің ең алғашқы үйренген шет тілім - француз тілі болды. Ата-анамның кеңесі мен қолдауы арқасында аудандық, қалалық және республикалық олимпиадаларға қатыстым, жоғары оқу орнына конкурссыз, грантқа оқуға қабылдандым.Мен «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін бітіріп, халықаралық-экономист дәрежесін алдым. Оқу кезінде Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарымен студенттер алмасу бағдарламасына ендім де, екі жылға созылған академиялық оқу нәтижесінде ? қытай тілінде курстан өткенім жөнінде сертификат алып шықтым. ЕҰУ-ды бітігеннен кейін бір жылдан соң Швейцарияның Берн қаласындағы Дүниежүзілік Сауда Институтында оқу үшін «Болашақ» стипендиясын алуға құжаттар тапсырдым. Әрине, оқу кезінде оңай болған жоқ, өйткені, мен әр елден келген қалыптасқан мамандармен тең болуым қажет еді, ал олардың бірқатарының дөңгеленген жеке кәсібі болды немесе жауапты лауазымда қызмет атқарып үлгергендер де кездесті. Оқыту деңгейі өте жоғары, лекциялар өте көлемді болды; жаңа форматта емтихан тапсыру өте қиын, Қазақстанға қарағанда қойылатын талаптар да тіпті басқаша және тексеру кезінде де ? қатаңдық танытылады. Бұған қоса әр аптада емтихан тапсырылып, әр аптаның бағасы автоматты түрде транскриптік әдіспен қойылады. Бұл дегенің, қайта тапсыруға мүмкіндік жоқ деген сөз. Нәтижесінде, мен халықаралық құқық және экономика магистрі, magna cum laude - дәрежесін алып шықтым.Егер де, біз әрқайсымыз өз ісімізге терең жауапкершілікпен қарасақ, қажеттігімізді және өз қызметіміздің тұрақтылығын сезінген болсақ, онда біздің еліміздегі көп нәрселер тез дамыған болар еді деп ойлаймын.Шет елдерде оқып қайтқан болашақтықтардың тәжірибесі алған білімімен ғана шектеліп қоймайды, сонымен қатар өзін өзі тәрбиелеу, жүктелген міндеттің орындалғандығын түсіну және ең бастысы алыста жүргенде сағыныш сезімін оятатын отбасына және өз жақыныңа деген құндылықтарды терең ұғынумен де жетілдіріле түседі.
Дегенмен, өкінішке орай келеңсіз жайттар алдан шығады, бұл әсіресе, қазіргідей дағдарыс кезінде өткір де өзекті мәселеге айналды десе де болады. Айталық, сенің қандай маман иесі екендігің, оқуды шетелде немесе Қазақстанда бітірдің бе, онда қай мамандықты игердің және дипломыңның түсі қандай ? аталған мәселенің ешқайсысы да жұмыс берушіні қызықтырмайды. Жұмысқа қабылдау кезіндегі олардың ең басты талабы ? сенің өндірістік тәжірибеңнің болуы. Кем дегенде 3 жыл еңбек өтілің болуы керек. Айтыңызшы, күні кешегі студентте мұндай еңбек өтілі қайдан болмақ? Ешқайда да жұмысқа орналаса алмаса, айтылған мерзімдік өтілді студент ала алмайды емес пе? Немесе, өмірде өз орнын уақытында тапқысы келген студент бірінші курстан бастап жұмысқа орналасуы керек пе? Ал, ондай жағдайда алған білімнің сапасы қандай болмақ? Шындығында да қазір еңбек рыногына жол таба алмай жүрген жас мамандар көп. Бұл мәселе болашақтық түлектерді де айналып өткен жоқ, оларға қойылатын талап тіпті күшті. Сондай-ақ, жұмысқа орналасудың қиындықтарын әйелдер де қатты сезінуде. Егер де, әйел мен еркек, олардың кәсіби біліктілік деңгейі бірдей сатыда тұрғанымен, қазіргідей дағдарыс жағдайында компания шығынын оңтайландыру үшін, жұмыстан алдымен әйел-қызметкерлер босатылады. Ал, әйелдің күйеуі де жұмыссыз немесе ол жалғыз басты әйел болса ше? Қысқарту немесе жұмыстан босатудың әр жағдайына жеке тұрғыдан қарау қажет деп ойлаймын. Бұл мәселе болашақтық түлектерге де қатысты деп ойлаймын, өйткені шетелдік білім алғандардың барлығы да жұмыспен толық қамтылмаған.Бізде бірқатар бағдарламалар (жұмыс беруші жұмыс орнының белгілі пайызды мөлшерін түлектер қабылдауға қалдырса) қабылданса, және бұл тек мемлекеттік қана емес, сонымен қатар басқа да компанияларға міндеттелсе, деп ойлаймын. Мүмкін, жас маманды өндіріске бағыттау тәжірибесін жаңғырту қажет шығар, мейлі аймақтарға немесе ауылдарға болсын. Жас маманның өзі таңдау жасаған әсіресе, қоғамға пайда әкеле алатын салада мүмкіндігін жүзеге асыра алуы өте маңызды, өйткені олардың білім алуына мемлекет салық төлеушілердің қаржысын жұмсады ғой, - деп санайды «Болашақ» түлегі.