АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 798-ракеткасы, 18 жастағы Әмір Омарханов Монастир (Тунис) ITF M15 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 1 100-орында тұрған оңтүстіккореялық Ким Джун Гунмен кездесті.
Тартыстылау өрбіген бірінші партияда Әмір 7:5 есебімен басым түсті.
Екінші сетте Әмір Омарханов оңтүстіккореялық теннисшіге бірде-бір гейм бермеді — 6:0.
Осылайша, аталған жарыста алғашқылардың бірі болып ширек финалға шыққан Әмір Омархановтың келесі қарсыласы кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Заңғар Нұрланұлының теннистегі ең биік шыңдарды бағындырғысы келетіні жөнінде айтқанын жазған едік.
Александр Бубликтің Дэвис кубогындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).