«Заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленді. Құжат барлық сараптамадан өтті, Үкіметтің қорытындысы да бар. Заң жобасының мақсаты – жасанды интеллектінің дамуына байланысты тілдің цифрлық ұлттық сөздік қорын жасау. LLM сияқты, яғни ауқымды тілдік моделінде қалыптастыруға бағытталып отыр. Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді депутат Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.
Айта кетейік, жақында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин еңбек нарығына жасанды интеллект әсер етіп жатқанын айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Астанада Жасанды интеллект ұлттық орталығын іске қосуды тапсырды.