«Жасөспірім» іс-шарасы барысында кәмелеттік жасқа толмаған 74 бала әкімшілік жауапкершілікке тартылды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Жасөспірім» алдын алу іс-шарасының алғашқы үш күнінде кәмелеттік жасқа толмаған 74 бала әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы уақыт аралығында тәртіп сақшыларының қолына түскендердің барлығы да ішкілік ішіп, қоғамдық ортада болғандар. Сонымен бірге жас өспірімдерді жат қылыққа баулығаны үшін 142 тұлғаға әкімшілік жаза қолданылды. Олардың алтауы жеткіншектерді масаң күйге жеткізуге себепкер болса, 20-сы жасы толмағандарға ішкілік ,ал 19-і темекі өнімдерін сатқан. Оның сыртында 30 кәмелетке жасы толмаған түн мезгілінді ойын-сауықтыру орталықтарында болғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық тәртіпті сақтамаған 14 жеткіншек есепке қойылды.