ОРАЛ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған бокстан 1997-98 ж.т. жасөспірімдер арасындағы БҚО чемпионатының жеңімпаздары белгілі болды.
БҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағанындай, атап айтқанда, Нұркен Бақтығалиев (40 келі, Қазталов), Бекарыс Ғалымжанов (42, бокс БЖСМ), Мейірбек Нұрлыбеков (44, бокс БЖСМ), Шыңғыс Мұратов (46, спорт-интернат), Елдар Елдосов( 48, Ақжайық), Дамир Базарбаев (50, спорт-интернат), Жеңіс Жәукенов (50, 2-ші топ, Зеленов), Аршат Сапарғали (52, бокс БЖСМ), Айдар Жәутіков (54, бокс БЖСМ), Жарас Юмабаев (57, Шыңғырлау), Жастілек Дулатов (57, 2-ші топ, бокс), Қамбар Ғиниятов (60, спорт-интернат), Ботабек Садихов (63, бокс), Илья Кучеров (63, 2-ші топ, Зеленов), Олжас Шакелов (66, Ақсай), Райбек Жасұланов (75, Ақжайық), Әлішер Ережепов (80, бокс), Дәурен Жасталапов ( 80, бокс БЖСМ) жеңіс тұғырына көтерілді.
Жеңімпаз спортшылар қаңтар айының аяғында Жамбыл облысының Шу қаласында өтетін аймақтық чемпионатқа қатысады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).