деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жасөспірімдер үшін мұндай «коменданттық сағат» енгізу туралы шешім Ресейдің бірқатар аймақтарында қабылданған. Бұл шара өзін-өзі ақтап отыр. Біз де жоғарыда аталған заңды қабылдасақ, балалардың кешкі және түнгі уақыттарда зәбір көруіне, келеңсіз оқиғаларға тап болуына тосқауыл қоямыз», дейді М.Боранбаев.
Бұдан бұрын жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп инспекторлары жұмысқа кіріскен болатын. Қазірдің өзінде ол оң нәтиже беріп отыр. Республика бойынша 1453 мектепте инспектор қызмет атқарады. Олар білім ордасында және оның аумағында жасөспірімдер арасында болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және салауатты өмірді насихаттау жұмысымен айналысады.