Жасөспірімді қасақана өлтірген Рэнкинді АҚШ алқабилер соты 2,5 жылға соттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ алқабилер соты американдық жасөспірім Уильям Чэпменді қасақана өлтірді деп айыпталған бұрынғы полиция қызметкері Стивен Рэнкинді 2,5 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады Pilotonline.com.

7 әйел және 5 ер адамнан құралған алқабилер соты қасақана кісі өлтірді деп айыпталған Стивен Рэнкинге жеңілдетілген жаза тағайындады. Аталған бап бойынша, бұрынғы полицейді 10 жылға қамауға болар еді, алайда алқабилер соты 2,5 жылға бас бостандығынан айырды.
Аймақтық сот Джонни Моррисон 12 қазан күні ресми сотталғанша, Стивен Рэнкинге екі ай шартты түрде бостандықта жүріне рұқсат берді.
«Бұл жеткіліксіз», - деді Чэпменнің анасы Салли Чэпмен, 5 жыл бұрын С.Рэнкин қолынан қаза тапқан қазақстандық Кирилл Денякиннің анасының сөзін қайталап. К.Денякиннің анасы Елена Денякина арнайы сотқа қатысу үшін және Чэпменнің анасын қолдау үшін мұхит асып, Америкаға келген.
Судья Моррисон прокурорларға 2011 жылы қарусыз Кирилл Денякинді Стивен Ранкиннің өлтіргені жайлы мәліметті алқабилер сотына хабарлауға тыйым салды. Себебі, бұрынғы өткен алқабилер соты аталған оқиға бойынша айып тағудан бас тартқан.
Сонымен бірге, судья С.Рэнкиннің өз жұмысын жек көретіні және Портсмут қаласын Содом және Гоморраға (Інжілде күнәлары үшін халқын құдай жойып жіберген екі қала) теңегені жайлы әріптестеріне жазған SMS хабарламаларын сот материалдарына қосу жайлы өтінішті де қанағаттандырмады.
Портсмут қаласының тұрғындары сот процесін онлайн бақылады. Түрлі пікірлерді қоғамды екіге бөлген. Жергілікті кеңес мүшесі Билл Муди қатаң жазаға таң қалыпты. Оның ойынша, бұрынғы полицей жай ғана өз міндетін орындаған, бұл жай ғана қайғылы жағдай. Өзгелер бұл жағдайда қару қолданудың артық болғанын, жай ғана жұдырықтасумен бітетін шаруа екенін айтуда.
Бұл американдық полицейдің өз мансабында адам өлімімен аяқталған екінші оқиға болды. 2011 жылы Стивен Рэнкин қазақстандық Кирилл Денякинді 11 рет атып өлтірген. Оның құрбандарының екеуі де қарусыз болған. Ол кезде Рэнкиннен айыптың бәрін алып тастап, полицей өзін-өзі қорғануға мәжбүр болды деп ақтап шыққан еді.
Рэнкин өз жағынан бәрін жоққа шығаруда, оның сөзіне қарағанда, полицей ұрлық туралы дабылдан соң супермаркеттің көлік тұрағына келіп, Чэпменді ұстамақ болған кезде ол қарсылық көрсеткен.
Полицей бозбаланы басынан және кеудесінен атып өлтірді. Қарсыласу небәрі бір минутқа созылады. Полицейдің сөзіне қарағанда, Чэпмен оның электр шокерін тартып алған.
Камерада түсірілген қайғылы жағдай туралы жазба алқабилер сотына ұсынылды.
Рэнкин, күтілгендей, шығарылған үкімге байланысты шағым түсірмек. Салли Чэпменді қолдау үшін Қазақстаннан АҚШ-қа Кирилл Денякиннің анасы Елена Денякина келді.
Еске сала кетсек, 2011 жылы 23 сәуірде АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Портсмут қаласында бірнеше жыл бұрын американдықтың оғынан қарағандылық Кирилл Денякин мерт болған еді.
Стивен Д. Рэнкин 26 жасар қазақстандыққа тапанша оқтізеріндегі бар оқпен атқан. Қазақстандықтың көршілері қателікпен оны ұры деп ойлаған.
Туыс-туыстарының айтуынша, Кирилл АҚШ-қа «Work & Trave» бағдарламасы бойынша кеткен. Артынан осы елде қалуға ұйғарып, қонақүйде аспаз болып жұмыс істеген.
Алқабилер сотының шешімімен Қазақстан азаматы Кирилл Денякинді өлтіру бойынша қылмыстық іс жабылған.
Денякин жанұясының мүддесін екі американдық адвокат қорғады. Азаматтық талапта $22 млн материалдық және моральдық шығын көрсетілген.