деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Оны Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті мен «Есіртіксіз болашақ» корпоративтік қоры бірігіп ұйымдастырып отыр. Мақсат - ұлттық спорт түрлерін насихаттау. Оған еліміздің әр түкпірінен мамандар қатысып, ұлттық спорт түрлерінің қазіргі жай-күйі мен оны дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды», дейді ұйымдастыру комитетінің мүшесі Іңкәр Жаназарова.
Бұл семинар-конференция аясында, сондай-ақ қазанның 31 күні 16-20 аралығындағы жастар арасында республикалық жарыс өтпек. Бұл туралы ұйымдастырушылар алдын ала еліміздің 14 облысы мен республикалық маңызы бар 2 қаласына шақыру хаттар жіберген еді. І. Жаназарованың сөзіне қарағанда, қазір олардан өтініштер де келіп түсіп жатыр.