Ахмедьяров Әлібек Ғазизұлы — 2019 жылғы Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Ә. Ғ.Ахмедьяров еңбек жолын Индустрия және сауда министрлігінде Заң департаментінің сарапшысы қызметінен бастады.
Білім және ғылым министрлігінде, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, Инвестициялар және даму министрлігінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі қызметте еңбек етіп, Сыртқы істер министрлігінде Заң қызметі департаментінің директоры қызметін атқарды.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Оңтүстік Калифорния университетінің магистратурасын (құқық магистрі) бітірген.