Жастардың бірінші кезектегі міндеті - жоғары кәсіби мамандар болу - ШҚО бойынша «Жас Отан» филиалының көшбасшысы

ӨСКЕМЕН. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - «Бүгін, елдің экономика, мәдениет, білім берудегі ғаламдық қайта құру заманында біздер, жастар үшін Мемлекет басшысы қойған міндеттерді шешуде біріккен жөн.

Біздің алдымызда бірінші кезекте республикамыздың игілігі үшін жұмыс істеп, әлемдік қауымдастық елдерімен бәсекелестік жасай алуға қабілетті жоғары кәсіби мамандар болу міндеті тұр», - деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Жас Отан» жастар қанатының көшбасшысы Салтанат Мамышева ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын ұжымдық көруден кейін. 

Салтанат жас әріптес-партияластарымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты тікелей эфир арқылы С.Аманжолов атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ғимаратында отырып тыңдады.

 «Біз президентіміздің Жолдауын толық қолдаймыз және қойылған міндеттерді орындауға бар күшімізді салатын боламыз», - деп уәде етті жас партия көшбасшысы.