Іс-шараны ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы «Жасыл Академия» ғылым-білім орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Оның мақсаты «жасыл» экономиканың әдіснамасы мен аталған саладағы еуропалық тәжірибемен, оның ішінде ЭКСПО-2017 дайындық шеңберінде жұртшылықты хабардар етуді арттыру болды.
Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары вице-министрі Талғат Ақсамбиев өзінің кіріспе сөзінде атап өткендей, «жасыл» экономикаға өтудегі жауапты міндетті орындау біздің министрліктің ғана емес, сонымен бірге барлық мемлекеттік органдар, депутаттық корпус, халықаралық ұйымдар, бизнес және ҮЕҰ-ның күштерін біріктірді талап етеді. Ол семинарға қатысушыларға Қазақстанның «жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қоршаған орта министрлігінің жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып өтті.
Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы Наталия Зарудная өз баяндамасында Қазақстан Орталық Азиядағы «жасыл» экономика саласында жүргізілген шараларда алдыңғы қатарда тұрғанын баса айтты.
«ЕҚЫҰ бұл жолда қыруар жұмыс күтіп тұрғанына қармастан, Қазақстанның реформаторлық күшін жоғары бағалайды. Сіздің ел көрсетіп отырған шешімді қадам, саяси еркіндік келешекте зор табыс кепіліне айналары сөзсіз. Біз де сіздерге сенеміз», - деп атап өтті ол.
Шара кезінде «жасыл экономика» саласындағы спикерлер ретінде белгілі сарапшылар да сөз сөйледі: Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Париж-Дофин (Франция) университетінің және М.Ломоносов атындағы ММУ профессоры, РФ Қоғамдық палатасының Орнықты даму институы директорының орынбасары Сергей Бобылев (баяндамасы - «Жасыл» экономикаға өтудің еуропалық тәжірибесі»); «Жасыл Академия» ҒБО директоры, профессор Бақыт Есекина (ҚР-дағы «Жасыл» экономика: қазіргі жай-күйі және перспективалары»), Латвия тұрақты даму кеңесінің және қалдықтарды кәдеге жарату кәсіпорындарының қауымдастығының төрағасы Янис Вилгертс («Табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды құқықтық реттеу тетіктері»), сондай-ақ табиғатты қорғау заңнамасы жөніндегі тәуелсіз сарапшы Александр Мирошниченко («ҚР-ның «жасыл» экономикаға көшуін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету»).
Семинар соңында қатысушылармен Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту комитетінің хатшысы Жеңіс Нұрғалиев өз әсерімен бөлісті. «Бүгін біз ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық үстіндеміз. Сіздер өз сөздеріңізде «жасыл» экономика қағидаттарын енгізу бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде көш бастап тұрғандығын атап өттіңіздер. Ең бастысы, біз осы мақсатқа қол жеткіздік. Мұндай семинарлар басқарма құрылымдарында, мемлекеттік органдарда жиі өткізіліп тұрғаны дұрыс», - деп атап өтті ол.
Семинар қорытындысы бойынша оның қатысушыларына ЕҚЫҰ және «Жасыл экономика» ҒБО-ның сертификаттары табыс етілді.