«Жолдау аясында министрліктің алдына бірқатар міндеттер жүктелуде. Оның алғашқысы, әрине, Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске арсыру үшін министрлік пен өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізілуі қажет», - деді Б. Сағынтаев. Осы орайда ол қажет болған жағдайда тиісті заң жобасын Үкіметке енгізуді қарастыру керек екенін атап өтті. «Еуропа елдерінде «жасыл экономикаға» көшу бағытында көптеген кемшіліктерге жол берілген. Осыны ескере отырып, өзіміздің тұжырымдаманы жүзеге асыру кезінде негізгі мәселелердің барлығын қарап өту керек», - деп атап бірінші вице-премьер.
13:27, 27 Қаңтар 2014
«Жасыл экономикаға» көшу бағытында Еуропаның кемшіліктерін ескеру қажет - Б. Сағынтаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің өткен жылдағы қорытындысы мен биылғы мақсаттарға арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев тиісті ведомстволарға «жасыл экономиканы» жүзеге асыру кезінде кемшіліктерге жол бермеуді тапсырды.