Шараның салтанатты ашылуы Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов пен Ақтөбе қаласының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен ҚР Бірінші Президенті атындағы саябақта өткізілді.
Ақтөбеліктер алдында сөз сөйлеген Е.Сағындықов қала тұрғындарының әр кез оң бастамалардың бастаушысы болғанын, бүгінгі акция осыған дәлел екендігін атап өтті. Әкім облыс тұрғындарын осы шараға белсенді атсалысып, оны «Бір ақтөбелік - бір ағаш» ұранымен өткізуге шақырды. Еске сала кетсек, биылғы жылы аймақта 1 млн. 200 мыңнан астам көшет отырғызылуы тиіс деген міндет қойылған. Акцияның алғашқы күнінде-ақ 80 мыңнан 100 мыңға дейін көшет отырғызу жоспарланып отыр.