ОРАЛ. ҚазАқпарат - 3 маусым күні Жайық өзені жағасынан Зеленов ауданына қарасты Щапов ауылы тұсынан көптеген дене жарақаттарымен таксистің денесі табылды.
Облыстық ішкі істер департаментінен түскен мәліметке қарағанда, Орал қаласында тұрған Юрий Хлопков есімді ер адам «Дэу Нексия» автокөлігімен радио-таксиде жұмыс жасаған. Марқұмнан құжаттар мен ақша табылған.
Департамент тергеу басқармасы бастығының орынбасары Мағауия Құрмашевтің айтуынша, кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер іздестіріліп, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).