Оның сөзіне қарағанда, комиссия отырысында Жайық өзенінің экожүйесін сақтау мен қорғау туралы екіжақты келісімшарттың жобасы да талқыға салынады. «Сол жерде басқа да кеңес-ұсыныстар қаралатын болады», - дейді Е.Нысанбаев.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстан мен Ресей арасындағы трансшекаралық өзен-суларды тиімді пайдалану мәселесі екі елдің үкіметаралық келісімшарты аясында реттеледі. Оған сәйкес, арнайы комиссиялар да құрылып, Жайық, Есіл, Тобыл мен Ертіс өзендерінің суын қорғау шаралары жүргізіледі. Қазақстанның тарапынан осындай комиссиялардың біреуін ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Ерлан Нысанбаев басқарады.