деп хабарлады білім бөлімінен.
Балалар қуыршақтар театрының орындауындағы «Сиқырлы қылқалам» ертегісін көреді, тегін кинофильмдер тамашалайды, ал саябақ аллеясында жас суретшілер асфальтқа сурет салудан жарысатын болады. Сондай-ақ, балабақшалардың, мектептер мен демалыс орталықтарының ұжымдары концерттер қояды.
Есілдің жағалауында жас өркендер «Біз -Қазақстанның келешегіміз» атты шеру өткізеді. Ал кешке жағалаудағы жазғы эстрадада «Балалық шақ» мерекелік қойылымы өтеді.
Қоғамдық көліктер бұл күні балаларды тегін тасымалдайтын болады.