ОРАЛ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Жазира-Жайық-2010» байқауы облыс суретшілерінің мәртебесін бір көтеріп тастады.
Бұл туралы осы шараны ұйымдастырып, өткізген «Өнер» қоғамдық қорының президенті, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қуандық Мәдір мәлім етті.
Оның айтуынша, көрме-байқауға облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қолдау көрсетті. Барлығы 40 үміткер қатысқан шара қорытындысында 13 аталым бойынша үздік суретші анықталып, дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мәселен, «Үміт» аталымын жас суретші Қасым Халенов иеленсе, «Қолтаңбадан» Сергей Зинин озық шықты. «Келісімнен» Ерғали Биекешев озды. Төлепберген Сарманбеков, Нұртай Жәрдемов сынды белгілі шеберлермен қатар М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Жанпейіл Сейтақ сынды жастардың көрінуі қуантады.
Биыл облыс тарихында тұңғыш рет облыс суретшілерінің «Жазира Жайық» атты альбомы да шығарылды. Оған 48 суретшінің жұмыстары енгізілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).