деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Опраның «Сіз жаңа роман жазасыз ба?» деген сауалына берген жауабында Роулинг: «Жазбаймын деп айта алмаймын. Маған кітап жазған ұнайды, мен өзінің көңіл-күйімнің саламаттығы үшін жазуым керек», деп жауап берген.
Джоан Роулинг сондай-ақ, сиқыршы бала туралы топтаманың соңғы кітабы - «Гарри Поттер және ажал тартуын» жазып бітірген кезде, өз кейіпкеріне бауыр басып қалғаны сонша, жылап жібергенін мойындады.
Бұған дейін жазушы, 2007 жылы сиқыршы бала туралы топтаманың жетінші, соңғы романын жариялағаннан кейін, Гарри Поттер туралы кітаптардың сериясын толық аяқтағанын айтқан еді.