Жаңа басылым ұлттық һәм түркілік бағытты ұстануды көздеп отырған жайы бар. Тұрақты авторлары да жоқ емес. «Жебе» газеті жұртшылықты оңтүстік өңірінің тыныс-тіршілігінен хабардар етумен қатар, республика көлеміндегі тақырыптарды да көтеретін болады. Басылымның бас редакторы - Захардин Қыстаубаев. Жаңа газет халықаралық деңгейдегі ақпараттарға ресейліктердің көзімен емес, өзге қырынан қарауды мақсат тұтады. Сонымен бірге түркі тектес елдердегі жаңалықтарға назар аудармақ ниетте. Сондай-ақ, белгілі ғалымдар Амангелді Айталы, Тұрсын Жұртбай сынды азаматтар тұрақты түрде жеке айдар жүргізетін болады. Қысқасы, жаңа басылымның мақсаты биік.
16:33, 14 Ақпан 2013
«Жебе» атты жаңа газет жарық көрді
АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақ баспасөзі тағы бір жаңа басылыммен толықты. Ақпан айының 14 күнінен бастап Шымкенттен республикаға тарайтын «Жебе» газеті шыға бастады.