Бұл туралы бүгін «Қазіргі замандағы прокурорлық қадағалаулардың өзекті мәселелері» атты тақырыпта қала және аудан прокурорларының біліктіліктерін арттыруға арналған семинар барысында Жоғарғы соттың Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы Ирак Елекеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, бұл заманға сай тиімді балама мүмкіндік. Сот орындаушысы қызметін атқаруға бел буған азамат жеке секторға барама, әлде мемлекетке жұмыс істейді ме, оны өзі шешеді. Оларды мәжбүрлеу болмайды. «Бұл мәселеге қатысты заң қазір екі оқылымда Мәжілісте қаралып, енді Сенаттың сараптауына жіберілді. Егер құжат Сенаттың сынынан аман өтіп, күшіне енетін болса, еліміздің өзге де бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу қажет болады», деді комитет төрағасы.