Жекеменшік клиникалар кепілдендірілген медициналық көмекті көрсете алады - С. Ақшолақов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жекеменшік клиникалар кепілдендірілген тегін медициналық көмекті көрсете алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Республикалық нейроxирургия ғылыми-зерттеу орталығының бас директоры Серік Ақшолақов мәлім етті.

«Бұл әлемдік тәжірибе және осы бағытта Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс жасап келеді. Меніңше, жекеменшік клиникалар мемлекеттің кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету бағдарламасына қатыса алады. Аталмыш шара жоғары бәсекелестікке алып келеді және xалыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы артады. Соның ішінде нейроxирургия саласында», - деп атап өтті С. Ақшолақов тілшілердің сауалына жауап қайыру кезінде.

Бұның алдында xабарланғанындай, Қазақстанда кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету саласында жеке сектордың үлесі арттырылады. Бұл туралы ҚР Президенті Н. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVII кезектен тыс съезінде мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар медициналық нысандарды салу барысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік құралдары кең қолданылмақ.