Жекешелендіру аясында сатуға 482 объекті шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жекешелендіру аясында сатуға 482 объекті шығарылды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

«2014 - 2020 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 1 005 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың шілдедегі кезеңінде 509 объекті жекешелендіруге жатады. 2016 жылдың 18 шілдедегі жағдай бойынша іс жүзінде саудаға 482 объекті шығарылды, оның ішінде 287 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 19, коммуналдық меншік бойынша - 141, ӘКК - 75, холдингтер бойынша - 52», делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 6 994 млн теңге, облыстық бюджеттерге 4 668 млн теңгеден астам, холдингтер 67 416 млн теңге, ӘКК 3 717 млн теңге.

Республикалық меншік бойынша, барлығы 2014-2020 жылдарға арналған сату кестесіндегі 65 нысан жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың шілдедегі кезеңінде іс жүзінде сатуға 25 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 18 шілдедегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа 25 объекті шығарылды, оның ішінде 19 объекті сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша, барлығы 2014 - 2020 жылдарға арналған сату кестесінде 491 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың шілдедегі кезеңінде 248 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 18 шілдедегі жағдайы бойынша 242 объекті шығарылды, соның ішінде 141 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бойынша кестедеде сатуға 166 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың маусымдағы кезеңінде 101 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 96 объекті сатуға қойылды, 75 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша, сату кестесіне сәйкес 283 объекті жекешелендіріледі, 18 шілдедегі жағдайы бойынша жоспарланған 134 объектінің 119 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 52 объект сатылды.