«Науқан аясында тартылған қаражаттаға келсек, республикалық бюджетке 5 509 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 3 483 млн. теңгеден астам түсті. Ал холдингтер бюджеті 67 261 млн теңгеге, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бюджеті 2 956 млн. теңгеге толықты», - делінген баспасөз баянында.
Бұл ретте республикалық меншік бойынша 2016 жылдың 28 қаңтардағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 28 нысан шығарылып, 15 нысан сатылды. Ал коммуналдық меншік бойынша іс жүзінде 222 нысан саудаға қойылып, 118-і сатылды. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 86 объекті сатуға қойылып, 60 нысан саудаланған. Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 28 қаңтардағы жағдайға сәйкес, 112 нысанның 94 нысаны сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 50 нысан сатылған.