Жексенбіде Қазақстанның барлық қалаларында ауа сапасы жақсарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі, 25 наурыз күні  Қазақстанның барлық қалаларында ауа сапасы жақсарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында метеожағдайлар керісінше жақсарып, зиянды заттардың ауада ыдырауына ықпал жасайтын болады.

Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан Қазгидрометтің www.kazhydromet.kz сайтында қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың (ҚМЖ) болжамы жарияланады.

ҚМЖ  -  атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.