АСТАНА. KAZINFORM - Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 26 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
ҚР басым аумағынан атмосфера фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталып, жауын-шашын (көбіне жаңбыр түрінде) күтіледі, батыста жаңбыр қатты болады деп күтіледі.
Еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-25 м/с дейін күшеюі күтіледі.
Оңтүстікте – қатты жел, найзағай; солтүстік-батыста, шығыста көктайғақ болады.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.