12:15, 26 Наурыз 2009
«Желаев астық өнімдері комбинаты» отыз жылдығын атап өтті
ОРАЛ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ Оралдағы жастар шығармашылығы орталығында Наурыз мейрамымен бірге отыз жылдығын да атап өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Салтанатты шарада комбинат директоры Андрей Борса қызметкерлерді мерекелерімен құттықтаса, комбинат директорының орынбасары Мұрат Жаңатауов сапалы өнімдерінің нәтижесінде шетелдегі, еліміздегі түрлі байқаулардан жүлдемен оралып жүрген кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігі және болашағы турасында ой өрбітті. Сонан соң жұмыста үздік деп танылған қызметкерлерге алғысхаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Пайғамбар жасына толған мекеменің кәсіподақ ұйымының төрағасы Хамидолла Ишекенов те ұмыт қалған жоқ.
Наурыз мейрамын көтеріңкі көңіл-күймен тойлаған кәсіпорын қызметкерлері қазіргідей дағдарыс жағдайында ұйымшылдық пен ынтымақтың аса қажеттігін тілге тиек етті.