Железинский ауданындағы 3 шаруа қожалығы «асыл тұқымды» мал өсіру мәртебесіне ие болды - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 30 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Железинский ауданының 3 шаруа қожалығы «асыл тұқымды» мал өсіру мәртебесі берілген аттестаттарға ие болды.

«Бүгінгі күні ауданның фермаларында 23 мыңнан астам ірі қара мал бар. Дегенмен олардың көбісінің  малдары өнімі аз тұқымды болып табылады. Ауданда асыл тұқымды малды көбейту жұмыстарымен екі ферма айналысқан еді. Енді олардың қатарына қазақтың ақ басты асыл тұқымды малдарды көбейту жұмыстарымен шұғылданатын Еркен Рақышев пен Талғат Халықовтың шаруашылықтары қосылды.      Сондай-ақ «Пшеничников» шаруа қожалығы ақ басты тұқымды шошқаларды өсіретін болды», - дейді аудан әкімінің орынбасары Баулыбай Аужанов.