Желіде ЭКСПО-2017-дегі ғажайып субұрқақтың видеосы пайда болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде Астанадағы ЭКСПО-2017 аумағында орналасқан субұрқақтың видеосы пайда болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі ерекше субұрқақ: дыбысы, жарығы және суы таңғажайып керемет», - делінген YouTube-та Astin есімді қолданушының жариялаған ролигінің астындағы жазбада.

Еске салайық, 10 маусым күні Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі ашылады. EXPO-2017 көрмесі 3 айға созылады, ол 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Елордамыздағы ЭКСПО-ның тақырыбы: «Болашақ энергиясы» болмақ. ЭКСПО көрме кешенінің аумағы 25 гектарды құрайды. Көрмеге 115 ел мен 22 халықаралық ұйым қатысады.