Желі пайдаланушылары оны наградаға ұсыну өтінішімен #қарапайым батыр, #қазіргі кездің батыры хэштегтерімен Құмарбек Жәкетайұлының фотосын салған.
«Батырдың жатқан жері жарық болсын! Жәкетай Құмарбек сияқты адамдар бірінші боп өмірден озатыны өкінішті... әлемде батырлар азаюда. Мұндай жағдайда басын қатерге тігіп, көмек көрсететіндер өте аз!!! Ол наградаға, ал туыстары құрметке әбден лайықты», - деп жазды Фейсбукте Меруерт Абаева.
Надежда Бебенина өз кезегінде артында әйелі мен балалары қалған Құмарбектің отбасына материалдық көмек беруді ұсынады. «Бұл отбасыға тұрғын үй, материалдық көмек, балаларын грантпен оқыту сияқты көмек көрсету қажет. Олар асыраушысынан айырылды. Енді оларға өмір оңайға соқпайды. Ал награда - бұл оны адамдардың жүрегінде мәңгі сақтау және шексіз алғыс ретінде берілуі тиіс! Жатқан жерің жайлы болсын!», - деп жазды ол.
Инстаграмда «skopetro» қоғамдастығында да Құмарбектің ерлігін талқылауда. «Жолда апатты көрген ол зардап шеккендерді құтқаруға ұмтылды. Құмарбек өз өмірін қиып, кішкентай Данилдің өмірін аман алып қалды. Мұндай адамдар некен-саяқ, сондықтан мәңгі жадымызда сақтауымыз қажет. Құмарбектің артында отбасы, үш баласы қалды. Олар әкелерін мақтан тұтып өтетін болады», - деп жазды олар.
Құмарбек Жакетайұлы Бурабай ауданы Жаңажол ауылының тұрғыны. 1991 жылы Моңғолиядан атамекенге оралған. Артында үш баласы, жары қалды. Ол өмірінің соңғы сәтінде қаршадай баланы аман алып алуға көмектесіп, өрімдей жас қызды құтқарып қалды. Екі жастың өмірі үшін өз жанын пида етті.
06:00, 12 Желтоқсан 2016
Желіде қаза тапқан Құмарбек Жәкетайұлын бүгінгі күннің батыры деп атады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Астана-Көкшетау тас жолында апат кезінде екі жасар баланы құтқарамын деп өмірін қиған Құмарбек Жәкетайұлын марапаттауды сұрауда.