Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы ұлықтау рәсімі осыдан тура 25 жыл бұрын Алматы қаласында Республика сарайында өтті. Онда Мемлекет басшысы сайлауда 98,7% қолдаумен жеңіске жеткен. Екінші ұлықтау рәсімі Астанада 1999 жылғы 21 қаңтарда Конгресс-Холлда өткен. Ол кезде Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 80% дауысын жинаған.
Үшінші ұлықтау рәсімі 2006 жылғы 11 қаңтарда Ақорда сарайында өтті. 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлау нәтижесі 91,15%-ды көрсетті.
Төртінші ұлықтау рәсімі 2011 жылғы 8 сәуірде өтті, онда Н. Назарбаев сайлаушылардың 95,55% дауысына ие болды.