Желтоқсанның 1-інен бастап халық - 1 Гкал жылу энергиясы үшін 2 769 теңге (ҚҚС есептемегенде), заңды тұлғалар 3 499 теңге (ҚҚС есептемегенде) төлейтін болады. Бұл осыған дейін қолданылып келген тарифтен 30 пайыз жоғары.
«Тарифтің негізгі өсу себебі, «Теңізшевройл» ЖШС босататын және «Атырау жылу электр орталығы» АҚ жылу энергиясы өндірісінде пайдаланатын табиғи газ бағасының өсуі болды, - деп хабарлады Атырау облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің бастығы Балжан Досмұхамбетова.