Жемқорлыққа қарсы қоғамдық ашық комитет құру керек -саясаткер пікірі

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат  /Әділет Мұсахаев/ - Жемқорлыққа қарсы қоғамдық ашық комитет құру керек.

Бұл туралы бүгін халықтық-коммунистік партия өкілдерінің  ұйымдастыруымен  Алматыда  өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл комитеттің мақсаты - қоғамда белең алып бара жатқан жемқорлық пен ашық түрде күресу болуы тиіс» дейді  саясаткер Жақсыбай Базылбаев. Оның айтуынша, жемқорлықпен күресті халық тарапынан бақылау болғанда ғана азайтуға болады.