Жемқорлықпен күрес агенттігінің Алматыдағы департаментінің басшысы тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды. Бұл туралы аталған агенттіктегі брифингте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл лауазымға Қайрат Имәтұлы Сөнтаев бекітілді. Ол 1961 жылы 7 мамырдаПавлодар облысында дүниеге келген. 1981-1983 жылдары СССР Қарулы күштерінде әскери қызметін атқарған. 1992жылы С.Н. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген.

1992-1993 жылдары – Павлодар облысы Краснокутск ауданы прокуратурасыныңтергеушісі, 1994-1997 жылдары – Бас прокуратураның ІІМ органдарындағы тергеужәне анықтауды қадағалау бойынша аға көмекшісі, 1997-1998 жылдары – Ақмолаоблысы Ерейментау ауданы прокуратурасының прокуроры, 1998 - 2000 жылдары –Астана қаласы Алматы ауданы прокуратурасының прокуроры, 2000-2002 жылдары –Астана қаласы прокуратурасы прокурорының орынбасары, 2002 жылы – Оңтүстік Қазақстан облысыпрокуратурасы прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

2018 жылы 1 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар