Женевада жарылыс қаупі салдарынан адамдар ДСҰ ғимаратынан қауіпсіз аймаққа көшірілді
20:17, 12 Наурыз 2013
АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Полиция Женевадағы Дүниежүзілік сауда ұйымы штаб-пәтерінің ғимаратынан жарылыс қаупі салдарынан адамдарды қауіпсіз аймаққа көшірді.
Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып Утро. ру хабарлады.
Қазіргі уақытта оқиға орнына полиция қызметкерлері жетті. Оқиғаның мән-жайы әзірге хабарланбай отыр.