«Біз автонесиелеудің лимитін 5,6 млн. теңгеден 9 млн теңгеге дейін өсіруді шештік. Себебі девальвацияның әсерінен көліктердің бағасы көтерілген», - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, осы бағдарламаға қосымша 10 млрд. теңге бөлінетін болды.
«Қосымша қаржыландыру шешімі жаңғырту бойынша мемлекеттік комиссиямен жасалды. Еурокоптерлерге бөлінген 10 млрд. теңге алынып, жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына бағытталатын болды. Бұдан өзге ешқандай қосымша қаражат болмайды», - деді Б.Жәмішев.
Айта кетейік, жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы «Нұрлы жол» президенттік бастамасы аясында биылдан бастап жүзеге асырылуда.