Жеңіс күні қарсаңында Еуразиялық Топ құрамына кіретін «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ Ақсу электр станциясының Жастар кеңесі қараусыз қалған мазарда сенбілік ұйымдастырды. «Жауынгерлік қорым» атты дәстүрлі науқан аясында жастар ескі зираттарды тазартып, қалпына келтірді.
Патриоттық сенбілікке 70-ке жуық адам қатысты. Энергетиктер ескі молаларды жаңартып, айналасын қалпына келтіруді өздерінің борышы санаған.
Қала тұрғындарының айтуынша, бұл бейіт 70-жылдардың ортасынан жабық. Осында жерленген адамдардың туыстары не қаладан кеткен, не егде тартып бұл жерді таразартуға шамасы жоқ. Сол себепті қараусыз қалған молалар ластанған. Алайда, бұл жерде Отанды қорғаған жауынгерлердің жерленгені белгілі.
- Жеңіс күні әрбір қазақстандық үшін ерекше мереке. Біз ардагерлерді, соғыс қаһармандары мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін мақтан тұтамыз. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігі өлшеусіз. Бүгін қолға алған бастамамыз - оларға деген шексіз құрметіміздің бір белгісі, - деді «ЕЭК» АҚ Жастар кеңесінің мүшесі Антон Ибраев.
«Жауынгерлік қорым» атты бұл науқанды жас энергетиктер биыл осымен бесінші жыл қатарынан ұйымдастырып отыр.