ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше Батыс Қазақстан облысында Жеңіс күніне орай «Сізден әлемнің жылуы тарайды» шарасы бастау алды.
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығынан түскен мәліметке қарағанда, шара аясында соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне медициналық жәрдем көрсетіледі. Қ алалық емханалар мен фармакологиялық фирмалардың өкілдері о лардың үйлеріне барып, дәрі-дәрмектер мен медициналық қоржындар үлестіріп, майдангерлердің қан қысымын өлшеуде.
Айта кетейік, облыс бойынша мұндай қамқорлықпен 300-ден астам адамды қамту көзделіп отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).