Жеңіс күніне орай Тараз қаласында «Мәңгілік алау» жаңартылуда

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жеңіс күніне орай Тараздағы «Мәңгілік алау» мен ескерткішке іргелес шағын бақ жаңартылуда.

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының бастығы Рахия Тұрмаханбетованың ақпараты бойынша, бүгінгі таңда облыс бойынша Ұлы Жеңіске арналған 108 ескерткіш бар. Сонымен қатар, үш монумент, бес мемориалдық кешен, бір даңқ ескерткіші, тоғыз стела мен кеуіт бар.

«Осы нысандардың барлығы қазір ретке келтіріліп, жаңартылуда», - деді Р.Тұрмаханбетова.

«Жеңіс күнінің қарсаңында Тараз бен облыс аймақтарында 46 билборд, 92 ескерткіш тақтасы мен 31 мерейтойлық тақырыптағы плакаттар орнатылды», - деп толықтырды Р.Тұрмаханбетова.