Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің аға ғылыми қызметкері Лаура Тайыр ұсынған мәліметке қарағанда, оның балалық шағында да сол заманға тән біріне-бірі ұласқан қасірет пен жанына жара салған тұстары көп. Ол туралы Аманша Жұмашұлы өз естелігінде: «...Әке-шешеден жас кезімде ажырап, жетім өстім. Оқуды он үш жасымда бастадым. Ардақты анам Бәди: «Көзімнің тірісінде оқы, қатарыңнан қалмай, адам бол, мені уайымдама, бір күнімді көре жатармын, оқуға бар, балам», - деп мені 1931 жылы оқуға жіберді. Сол кездегі Сталинград облысына қарайтын Басқұншақ деген жерде оқыдым. Ол - тұз шығатын мекен. Тарығып, қиналсам да, оқуымды тастамадым. Жазғы каникулда үйге бармай, жалданып түйемен тұз тасыдым. Тапқан ақшамды киімге, тамаққа жұмсадым. Оқуымды үзген жоқпын. Анамнан айырылғасын балалар үйінде тәрбиелендім. Сөйтіп жүріп адам болдық», - деп жазады.
Аманша Меңдіғалиев 1940 жылдың күз айында әскер қатарына шақырылып, Ташкенттегі кіші командирлер дайындайтын әскери училищеге барады. Әскери оқуды старшина атағымен тамамдаған кезінде Ұлы Отан соғысы басталып, 23 жасар жас командир Алматыда жасақталып жатқан 316-атқыштар дивизиясына жіберіледі.
...1941 жылдың күзі. Гитлершілердің Мәскеуге бірінші шабуылы басталды. Брянск пен Вязьма ауданында біздің майдан шебімізді бұзған жау бұл бағытта 80-ге жуық дивизиясын, оның ішінде 14 танк дивизиясын шайқасқа қосты. Оның басымдығы адамдар құрамы жағынан 1,5 есе, танкілер жөнінде 2,2 есе, артиллерия жөнінде 2 еседей, ұшақтар жағынан 2,6 есе артық болған-ды. Мәскеуге төнген қатер күрт күшейді.
Аманша Меңдіғалиевтің естелігінен: «Мәскеу... Соғыс күндері. Бүкіл әлем халқының назары Мәскеуде. Өйткені, біздің астанамыз адам баласы тарихында болып көрмеген алапат соғыстың нүктесіне айналды. Отанымыздың жүрегі - Мәскеу! Төнген соғыс қатерінің негізгі тағдырын шешетін де осы - Мәскеу қаласы!
Бұл қанқұйлы жаудың Мәскеу маңына таяу келген 1941 жылдың күзі болатын. Сол күндері гитлершілер «Мәскеуді алып, парад жасаймыз, соған келіңдер» деген шақыру билетін де дайындап, есірді. Осы кезде біздің 237-ші артиллериялық полк Волоколамск, Дубосеково, Кузьминское шебінде қорғаныста тұрды.
...Жау артиллериясы бірнеше күн қатарынан жер-көктен қаһарын төкті. Бұл шабуылға біздің тарапымыздан да кезінде мықты тойтарыс берілді. Фашистер көп шығынға ұшырап, кері қашты.
...18 қазан күні таңсәріде немістер танк, жаяу әскерлерін шабуылға қайта көтерді. Қантөгіс ұрыста 1075-ші атқыштар полкі байсалды түрде бетпе-бет жаумен айқасқа шықты. Сөйтіп, бұл ұрыста фашистердің 21 солдаты мен офицері жер жастанып, 5 танкісі қиратылып, 17 солдат-офицері тұтқынға алынды. Мен Мәскеу түбіндегі сол шайқаста «Ерлігі үшін» медалімен марапатталдым».
Аманша Меңдіғалиев 1942 жылдың басында Старая Русса түбінде ауыр жараланып, госпитальда екі ай емделгеннен кейін Чкалов танк училищесін бітіріп шығады. Кіші лейтенант шенін алған ол генерал Катуков басқаратын 1-гвардиялық танк армиясының 362-гвардиялық полкінің взвод командирі болып тағайындалады. Осы құраманың сапында Калинин, І Украин, І Беларусь және Балтық жағалауындағы майдандарда соғысады.
Тағы да А.Меңдіғалиевтің естелігінен: «...Енді Курск иінінде жау оғының алдында тұрмын... Соғыс жоқ кездегі ойын-сауық, күлкіге толы жастық шағым сағымдай бұлдырап көз алдымнан өтіп жатыр ...Фашистер басып алған Ресей жеріндегі әсем қалаларымыз бен селоларымыз қирады, бүлінді. Қыртысы айырылған қара жердің қанға бөккенін көзім көріп, қатты қиналдым.
...Гитлершілердің Мәскеу түбіндегі және Сталинград үшін шайқастарда кеңес әскерлерінен күйрей жеңіліп, көп шығынға душар болып, берекесі кеткен кез - 1943 жылдың жаз айы.
Гитлер бас резервтерін жинап, енді Курск жағынан шабуылға шығуға жоспар жасады. Бұл жоспарды Вермахтың қолбасшылары толық мақұлдады. Сөйтіп, Гитлер өзі қол қойған №6 бұйрығын берді. Ол бұйрықта: «Курск жағынан Кеңес Армиясы талқандалсын, сөйтіп, Мәскеуге осы жақтан жол ашылсын» делінді. Алайда, гитлершілер Кеңес Одағының Курск жанында күшті армиялары көп екенін жақсы түсінді.
1943 жылдың 5 шілдесінде таңғы сағат төрт жарымда біздің бекіністерге қарсы фашистер шабуылға көтерілді. Жауынгерлеріміз бекіністе тапжылмай отырды. Бұйрық - жауды осы бекіністе қарсы алу! Біздің бекініске қарай жаудың үш танкісі бар бір взвод автоматшылары келе жатқанын дүрбімен көрдім де, пулеметші Карауловқа: «Танктен автоматшыларды бөлу керек», - деген команда бердім. Ол пулеметтен боратып оқ атты, олар екіге бөлінді. Караулов пулеметтен оқты суша себелеп, автоматшыларды жер жастандырды.
Алғашқы шайқастың өзінде-ақ жаудың 17 солдаты мен екі офицері өліп, жеті солдаты, екі офицері жараланып, үш танкісі ойран болды. Осы сияқты шайқасты шілде айында Курскіде бірнеше дүркін бастан кешірдік. Фашистер күн сайын бірнеше реттен шабуылға көтерілді. Сөйтсе де, бір қадам алға баса алмады. Ақыры 5 шілде мен 23 тамыз аралығында Курск иінінде болған тарихи шайқас біздің жауынгерлердің жеңісімен аяқталды».
Соғыстың ең ауыр кезеңдерінде қан майданда шынығып, даңқ шыңының шырқауына көтерілген Панфилов атындағы дивизия Курляндияда қоршауға алынған фашистердің ең таңдаулы топтарын талқандауға қатысты.
Майдангердің естелігіне кезек берейік:
«Алдымызда фашизмнің ұясы - Берлин тұр. Дивизиямыз Висла өзенінің жағасында Магнуш плацдармында, Варшаваның түстігінде тұрған болатын. Енді осы арадан басқа бөлімшелермен тізе қоса отырып, қарқынды шабуылды бәсеңдетпей, Польша астанасының қираған үйлеріне бекініп алған фашистерді жайпап өтіп, одан әрі Померания, Кюстринге шығу керек-ті. Дивизия жолы мұқият барланды. Сөйтіп, әрбір бөлімше шабуылға сақадай сай әзір, тек бұйрықты күтіп қалды.
1945 жылдың 14 қаңтары. Таңсәрі. Бір шаршы шақырымға 300 зеңбіректен келетіндей етіп орналастырылған соғыс құдайлары (зеңбіректер) түгел «бастарын» көтеріп, дұшпанға өлім себуге әзір тұр. Жауынгерлер шабуыл ракетасын күтіп, окоптарда тынып қалған.
Кенет жауынгерлердің қолында баспаханадан жаңа ғана шыққан қағаздар пайда бола қалды.
Бұл майдан әскери кеңесінің үндеуі еді.Үндеудің астына маршал Жуковтан бастап, майдан штабының бастығы, бүкіл әскери кеңес мүшелері түгел қол қойыпты.
«Қандыкөйлек достар, -деп жазылыпты үндеуде, - сын сағаты соқты! Қанқұйлы жауға қаусата соққы беріп, фашист жыртқыштарын өз інінде жоқ қылуды алдымызға қойып отырған Отанымыздың тарихи міндетін абыроймен орындап шығатын шақ туды!..»
Шын жүректен шыққан жалынды сөздер жауынгерлерге қатты әсер етті. Берлин операциясының алғашқы күні біздің армия жаудың негізгі бекінісін бұзып өтіп, 12-20 шақырым алға жылжыды.
1945 жылғы сәуір айында Янсфельд деревнясы үшін болған кескілескен ұрыста кіші лейтенант Аманша Меңдіғалиев өзінің танкісімен жаудың тылына бірінші болып бұзып-жарып кіреді. Ерлікпен шайқаса жүріп, деревня көшелерінің бірінде жаудың бронетранспортерімен бірге фашистердің автоматпен қаруланған бір взводын кездестірген ол бронетранспортерді атып түсіріп, қалған сегіз фашисті тұтқынға алады. Осылайша, олардан алған құнды мәліметін командованиеге тапсырады.
Сол күні Мюнхенберг қаласын алудағы қанды шайқаста батарея командирі ауыр жарақаттанды. Аманша Меңдіғалиев осынау қиын-қыстау сәтте өз еркімен батарея жетекшілігін міндетіне алып, қайсарлық танытты. Оның командирлік шеберлігі нәтижесінде батареяға жау танкистерінің оңтайлы биіктіктен жасаған ауыр соққысына қарамастан, ерлікпен шайқаса жүріп, күші басым жаудың бірде-бір танкісін ішке енгізбеді. Аманша Меңдіғалиев батареясының күші жау күшінен әлдеқайда аз болса да, олар тактикалық әдістерді ұтымды пайдалана отырып, жаудың екі танкісін, төрт танк ататын зеңбірегін, бір бронетранспортерін, бір взводтан астам жау әскерлерінің көзін жойып жіберді. Бақайшағына дейін қаруланған зұлым жауға ойсырата соққы берілді.
Дегенмен, Берлиннің шығыс жағына мықтап бекініп алған жау әскерлерінің біздің солдаттарды бет қаратпастан үздіксіз атқылауы жауынгерлеріміздің алға жылжуына ешқандай мүмкіндік бермеді. Бірақ, қарсы соғысу әдісін әбден жетік меңгеріп алған тәжірибелі командир, кіші лейтенант Аманша Меңдіғалиев мұнда да асқан ерлігімен көзге түсті. Ол өзінің самоходкасына отырып алып, жаудың әлсіз қапталынан бірнеше рет соққы берді. Мұндай тұтқиылдан жасалған ауыр соққыны күтпеген жау әскерлері 6 атыс қондырғысын тастап қаша бергенде, Меңдіғалиев мергендікпен олардың екі самоходкасын атып түсірді. Өзі де ауыр жарақат алды. Сонда да ол ұрыс даласынан кеткен жоқ. Артынан қосымша күш келіп жеткенше Меңдіғалиевтің батареясы жаудың төрт самоходкасын, бес бронетранспортерін, 18 атыс нүктесін жойды, 200 солдат пен офицерін оққа ұшырды.
362-гвардиялық танк полкінің командирі, майор Курлыков Аманша Меңдіғалиевті Кеңес Одағының Батыры атағына ұсыну туралы құжат толтырып, онда жоғарыда баяндалған соғыс сәттерін келтірген. Бұл құжаттың соңына майор Курлыков: «Кіші лейтенант Аманша Меңдіғалиев осынау қиян-кескі ұрыстарда көрсеткен асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін Кеңес Одағының Батыры деген атағын беруге әбден лайықты» деп жазыпты. Бұл құжат 1945 жылдың 30 сәуірінде толтырылыпты.
Әбден сарғайып, қыртыстанып кеткен бұл құжаттың жазылғанына да 70 жыл. Алайда Батыр атағы берілмей, Ұлы Отан соғысының ардагері, панфиловшы Аманша Меңдіғалиевтің ерліктері екі Қызыл Ту, «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет Белгісі» ордендерімен шектеліп, бірнеше медальдармен ғана марапатталды.
Аманша Меңдіғалиевтің бейбіт уақыттағы жарты ғасыр өмірі Оңтүстік Қазақстан облысында мұғалім, мектеп директоры, аупартком хатшылығымен жалғасты. Панфиловшы-танкист, гвардия майоры Аманша Меңдіғалиев 2008 жылдың 27 наурызында өмірден өтті.
Ұлы Отан соғысының қанды майдандарында ерекше ерлік көрсеткен он бір мыңнан астам жауынгер үкімет тарапынан берілетін ең жоғары атақ - Кеңес Одағының Батыры атағына ие болғаны белгілі. Солардың қатарынан орын алуға әбден лайық Аманша Жұмашұлы Меңдіғалиев аталмыш атаққа ұсынылып тұрып, оны ала алмапты. Бірақ ер есімі ел есінде қалуы тиіс. Осы орайда мадақтама қағазының орысша көшірмесін қоса бергенді жөн көрдік.
Наградной лист Копия
1) Фамилия, Имя и Отчество - Мендигалиев Аманша Жумашевич
2) Звание - гв.мл.лейтенант
3) Должность, часть - командир батареи СУ 76 362 Самоходно-артиллерейского Черновицкого ордена Кутузова полка
4) Представляется к званию Героя Советского Союза
5) Год рождения - 1918 5. Национальность - казах 6. Партийность - чл.ВКП(б)
6) Участие в гражданской войне, последующих боевых действиях по защите СССР и в Отечественной войне (где, когда) - Отечественная война - 41г. Украинский и І Белорусский фронта - 44г.
7) Имеет ли ранения и контузии в Отечественной войне - контузия 21.04.45г.
8) С какого времени в Красной Армии - с 1941г.
9) Каким РВК призван - Урдинским РВК Бухарской области
10) Чем раньше награжден (за какие отличия) - орден Красный Звезды пр№010 от 7.2.45г. 11гв ТПКК
11) Постоянный домашний адрес представляемого к награждению и адрес его семьи - УЗ. СССР, Бухарская обл.Тамдинский р-он, Районо
Краткое конкретное изложение личного боевого подвига или заслуг
В боях за дер.Янсфельде 18.4.45г.мл.лейтенант Мендигалиев на своей самоходке первым ворвался в нее с разведгруппой. На одной из улиц он встретил бронетранспортер противника и взвод автоматчиков. Обоидя с фланга т.Мендигалиев уничтожил брюнетранспортер, взял в плен 8 солдат и привез командованию достоверные сведения.
В бою на подступах к г.Мюнхенберг 19.4.45г. командир батареи был ранен. Мл.лейтенант Мендигалиев принял командование батареей на себя. Когда противник предпринял крупную контратаку на высоте 80,1 батарея Мендигалиева, стоя в засаде не подпустил танки противника. В неравном бою было уничтожено 2 самоходки противника, 4 противотанковые пушки, один бронетранспортер и свыше взвода пехоты. Контратака противника была с успехом отбита.
Восточную окраину Берлина пр-к превратил в мощный узел сопротивления, с большим количеством огневых средств. Продвижение наших войск было приостановлено. Разведов силы противника, т.Мендигалиев открыл батареей огонь по узлу сопротивления, отвлекая внимание пр-ка на себя т.Мендигалиев, сев на самоходку и взяв с собой еще две с фланга врезался на врага.Противник в панике отступил оставив 6 орудии. Когда 2 самаходки противника пытались уйти, т.Мендигалиев уничтожил и их. В этом бою мл.лейтенант Мендигалиев был ранен, но он не покинул поле боя и продолжал командовать батареей до входа наших частей на восточную окраину г.Берлина. Батарея имеет на своем счету 4 уничтоженных самоходки, 5 бронетранспортеров, 18 огневых точек и свыше 200 солдат и офицеров противника.
За проявленное мужество и стойкость в боях за г.Берлин т.Мендигалиев достоин присвоения звания Герой Советского Союза.
Командир 362 ГВ.САП
майор (Курлыков)
30.4.1945г.
Приказом 1 гв.ТА №084 от 2.6.45г. награжден орденом Красного Знамени.
Основание: оп 686196.д 5102, Л.123.
Копия дана с полным соблюдением текста оригинала.
Копия верна:
Начальник архивохранилища
капитан ЛОВЫНИЧЕВ.
« март 1970 год».